Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін шетелдікке және жұмыс берушіге қатысты әкімшілік материалдар жиналып, 25 және 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Сондай-ақ Шідерті кентінің жанындағы "Бекет" стационарлық бекетінде полиция тағы бір шетел азаматының еліміздің көші-қон заңнамасын бұза отырып, заңсыз болу және еңбек қызметін жүзеге асыру фактісін анықтады.
Шетелдік азамат жеке кәсіпкердің жүк көлігінде жүргізуші болып жұмыс істеген. Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік материалдар жасалып, шешім қабылдау үшін сотқа берілді.
Май ауданында қонақ визасымен келген көршілес елдің үш азаматы шығу күнін кешіктіріп, еңбек қызметін тиісті құжатсыз жүзеге асырған.
Шетелдіктерге қатысты құқық бұзушылық бойынша әкімшілік материал жиналып, 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Жұмыс беруші де жазаланып, оған 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Іс-шараның екі күнінің қорытындысы бойынша полицейлер 91 шетел азаматын және Қазақстан Республикасының 43 азаматын анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Соттарға 52 әкімшілік материал жіберілді. Оларды қарау нәтижелері бойынша 13 азаматқа қатысты оларды елден шығару туралы шешім қабылданды.
Полицейлер шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланудың 13 фактісін анықтады. Естеріңізге сала кетейік, "Заңсыз келуші-2024" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы 9 маусымға дейін жалғасады.