Астанада Қабанбай батыр даңғылының тағы бір бөлігі жабылады

Сурет: primeminister.kz
"Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММ 5 маусымда Қабанбай батыр даңғылы бойынша Хусейн Бен Талал көшесінен Жұлдыз айналымына дейінгі учаскеде жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетінін жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Басқармадағылар осыған байланысты, ағымдағы жылдың 5 маусымы сағат 21:00-ден бастап 6 маусымы сағат 21:00-ге дейін жоғарыда аталған учаске ішінара жабылатынын нақтылайды. 

Бұл ретте қозғалыс екі бағытта да тараптардың бірі бойынша жүзеге асырылатын болады.

"Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 6 маусымы сағат 21:00-ден бастап 9 маусымы сағат 6:00-ге дейін жоғарыда аталған учаске толық жабылатыны туралы хабарлаймыз. Астана тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстары жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз", делінген хабарламада.

Айта кетсек, 2024 жылы 5 маусымда Астанада М1 көлік айрығындағы жол учаскесі жартылай жабылатыны белгілі болды.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда жер сілкінісі тіркелді

Дербес деректердің жаппай таралуына әкеп соққан бұзушылықтар үшін жауапкершілік одан әрі күшейтілмек

Биылдан бастап елімізде Ұстаздар күні бесінші қазанда атап өтілетін болды

Алматыда жер сілкінді