Астанада М1 көлік айрығындағы жол учаскесі жартылай жабылады
Сурет: Zakon.kz
Астанада 6 маусым мен 1 шілде аралығында М1 көлік айрығы бойынша Түркістан көшесінен Арқар көпіріне дейінгі жол учаскесі жабық болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарлауынша, аталған учаскеде жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Бұл ретте қозғалыс тараптардың бірі бойынша, екі бағытта да қамтамасыз етіледі.
"Астана тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы сұралады", делінген хабарламада.
Сурет: Zakon.kz
Сурет: Zakon.kz
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript