Астанада Мәңгілік ел даңғылы 5 шілдеге дейін ішінара жабық болады

Жол жөндеу жұмыстары, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2023 20:55 Сурет: Zakon.kz
Астанада 23 маусым мен 5 шілде аралығында Хусейн бен Талал көшесінен бастап Фариза Оңғарсынова көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысы ішінара тыйылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту баскармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Астана каласының ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісе отырып, Мәңгілік Ел даңғылында жол жөндеу жұмысы басталғанын мәлімдейді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап алуға кеңес беріледі. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: