Астанада Мәңгілік ел даңғылы екі күнге ішінара жабылады

Жол жөндеу жұмыстары, Астана, Мәңгілік ел даңғылы, 28-30 маусым, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.06.2024 18:06 Сурет: pixabay
Астанада 28-30 маусым аралығында Мәңгілік Ел даңғылы бойынша Хусейн бен Талал көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі жол учаскесі жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елордадағы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарлауынша, бұл шектеу  аталған жол учаскесінде жол төсеміне жөндеу жұмыстарына байланысты енгізілген. . 

Мекеме қала тұрғындары мен қонақтарынан жолдағы кептелісті болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды. 

Бұған дейін Алматыда жаздың соңына дейін Сүйінбай даңғылындағы көлік қозғалысына шектеу қойылатыны хабарланған. Аталған көшеде қозғалыс шығыс жаққа қарай жабылады. Батыс жағында автокөлік үшін екіжақты қозғалыс ұйымдастырылады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: