Алматыда жаздың соңына дейін Сүйінбай даңғылындағы көлік қозғалысына шектеу қойылады
Сурет: Zakon.kz
Алматыда 1967 жылдан бастап пайдаланылып келе жатқан құбырды ауыстыру үшін Сүйінбай даңғылында көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
2024 жылы 1 шілдеден 31 тамызға дейін Алматының Түрксіб ауданындағы Сүйінбай даңғылында №375 үйден №419 үйге дейін көлік қозғалысы шектеледі.
Аталған көшеде қозғалыс шығыс жаққа қарай жабылады. Батыс жағында автокөлік үшін екіжақты қозғалыс ұйымдастырылады.
1967 жылдан бастап пайдалануға берілген жалпы ұзындығы 506 метрлік құбырды ауыстыру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін уақытша шектеу енгізіледі.
Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ "2GIS" және "Яндекс карталары" сервистерінде жарияланған.
"Уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды және көрсетілген аумақты айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз." "Алматы жылу желілері" ЖШС
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript