Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда 40 жыл бұрынғы құбырдың ауыстырылуына байланысты көшеде көлік қозғалысы үш айға шектеледі

Алматыда көше жабылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.06.2024 14:02 Сурет: Zakon.kz
Алматыда 1984 жылы пайдалануға берілген құбырды ауыстыру үшін Байқадамов көшесінде көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылдың 29 маусымы мен 15 қыркүйегі аралығында Алматы қаласы Бостандық ауданында Байқадамов көшесінің бойында - Гагарин даңғылынан бастап Жароков көшесіне дейінгі аралықта - көлік қозғалысы шектеледі.

Гагарин даңғылынан Жароков көшесіне қарайғы шығыс бағытта автокөлік қозғалысы жабылады.

1984 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан, жалпы ұзындығы 1220 метр құбырдың аталған көше бөлігінің көлік жолы бөлігінің астынан өтетін жаңғырту учаскелерінің бірінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіліп отыр.

Бұл құбыржол 97 көппәтерлі тұрғын үйді, 12 жеке тұрғын үйді, 4 балабақшаны, 2 денсаулық сақтау нысанын және 27 басқа нысанды жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Жаңғырту жұмыстары кезеңінде аталған тұтынушылар ыстық сумен бұрынғысынша үздіксіз қамтамасыз ете берілетін болады.

Алматыда 1984 жылы пайдалануға берілген құбырды ауыстыру үшін Байқадамов көшесінде көлік қозғалысы шектеледі, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.06.2024 14:02

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармаларының әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ "2GIS" және "Яндекс карталары" сервистерінде орналастырылған.

"Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды және бұл аумақты айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруларыңызды сұраймыз." "Алматы жылу жүйесі" ЖШС
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: