Алматыдағы бірнеше көшеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі
Сурет: pixabay
Алматыда 16-17 тамызда жылу желілерін реконструкциялау кезінде бірнеше көшеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматыда жылу желілерінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты бірнеше көшеде ішінара автомотокөліктердің қозғалысы шектеледі.
2023 жылғы 16 тамыз сағат 10:00-ден бастап Әуезов ауданында Сүлейменов көшесімен (автобус жолағы бойынша) Тоқтабаев көшесінен Пятницкий көшесіне дейін, сонымен қатар Түрксіб ауданында 16 тамыз сағат 21:00-ден 17 тамыз сағат 06:00-ге дейін Сейфуллин көшесінен Монтина көшесіне дейін (шығыс бағытта) көлік қозғалысы шектеледі.
"Аталған көшелер астындағы магистральдық құбыр учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу үшін уақытша шектеулер енгізіледі. Қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және көрсетілген аумақты айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз". "Алматы жылу жүйесі" ЖШС
Еске салайық, бұған дейін Алматыда кейбір автобустың жүру бағыты уақытша өзгеретінін хабарлаған едік.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript