Алматыда Тоқтабаев көшесіндегі қозғалыс шектеледі
Алматының Әуезов ауданында 2024 жылғы 6 шілдеден 15 қыркүйекке дейін Тоқтабаев көшесі бойымен Семятов көшесінен Тургенев көшесіне өте отырып Черепанов көшесіне дейін автокөлік қозғалысы шектеледі.
Көрсетілген учаскедегі қозғалыс екі бағытта да жабылады.
1990 жылы пайдалануға берілген, аталған көше сегментінің жүріс бөлігінің астынан өтетін жалпы ұзындығы 810 метр құбырды қайта жаңарту учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі.
Бұл құбыр 14 көппәтерлі тұрғын үйді және 4 басқа нысанды жылумен қамтамасыз етеді. Аталған тұтынушыларға реконструкция жүргізу кезеңінде ыстық сумен жабдықтау сақталады.
Естеріңізге сала кетейік, қозғалыстарды шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz, сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және "Яндекс карталар" сервистерінде жарияланған.
Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз. "Алматы жылу желілері" ЖШС
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі