Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда Жұмабаев пен Мақатаев көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы шектеледі

Алматыда 1981 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан құбырды ауыстыру мақсатында Жұмабаев пен Мақатаев көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы шектеледі, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.07.2024 16:42 Сурет: pixabay
Алматыда 1981 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан құбырды ауыстыру мақсатында Жұмабаев пен Мақатаев көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы шектеледі.

Алматы қаласы Жетісу ауданында 2024 жылдың 5 шілдедегі сағат 20:00-ден 8 шілдедегі сағат 23:00-ге дейін Айнабұлақ шағын ауданында Жұмабаев пен Мақатаев көшелерінің қиылысын қамтитын аумақта көлік қозғалысы жабылады.

Екі бағытта да көлік қозғалысы жабылады.

Мақатаев көшесіндегі жол бөлігінің астынан өтетін, 1981 жылдан бері пайдалануға берілген 2135 метрлік құбырды жаңғырту учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізілді.

Бұл құбыр 344 көппәтерлі тұрғын үйді, 11 білім беру нысанын, 3 денсаулық сақтау нысанын және 483 басқа нысанды жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Жаңғырту жұмыстары кезеңінде аталған тұтынушылар ыстық сумен бұрынғысынша үздіксіз қамтамасыз ете берілетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, Telegram @AlmatyJoly арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармаларының әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ "2GIS" және "Яндекс карталары" сервистерінде орналастырылған.

"Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды және бұл аумақты айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруларыңызды сұраймыз." "Алматы жылу жүйесі" ЖШС
Алматыда 1981 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан құбырды ауыстыру мақсатында Жұмабаев пен Мақатаев көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы шектеледі, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.07.2024 16:42

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: