Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда Байқадамов пен Гагарин көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы шектеледі

Алматыда Байқадамов пен Гагарин көшелерінің қиылысында автокөлік қозғалысы бір түнге шектелетін болады. , сурет - Zakon.kz жаңалық 17.07.2024 16:30 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда Байқадамов пен Гагарин көшелерінің қиылысында автокөлік қозғалысы бір түнге шектелетін болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматыда 1984 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан құбырды ауыстыру үшін Байқадамов пен Гагарин көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы шектелмекші.

2024 жылғы 19 шілдедегі сағат 23:00-ден 22 шілдедегі сағат 9:00-ге дейін Алматы қаласы Бостандық ауданында Байқадамов және Гагарин көшелерінің қиылысында автокөліктер үшін қозғалыс жабылады. Екі бағытта да көлік қозғалысы жабық болады.

Уақытша шектеулер 1984 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан, жалпы ұзындығы 1220 метр болатын, аталған көше бойындағы көлік жолы бөлігінің астынан өтетін құбырды жаңғырту учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізілді.

Бұл құбыр 97 көппәтерлі тұрғын үйді, 12 жеке тұрғын үйді, 4 балабақшаны, 2 денсаулық сақтау нысанын және 27 басқа нысанды жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Жаңғырту жұмыстары кезеңінде аталған тұтынушылар ыстық сумен бұрынғысынша үздіксіз қамтамасыз ете берілетін болады.

"Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды және бұл аумақты айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруларыңызды сұраймыз." "Алматы жылу жүйесі" ЖШС
Алматыда көлік қозғалысына шектеу қойылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.07.2024 16:30

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: