Астананың оң жағалауында маңызды жол учаскесі жабылады

Жол жөндеу жұмыстары, Астана, Тәшенов көшесі, Бараев көшесі, 4-7 маусым, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.06.2024 22:28 Сурет: primeminister.kz
4-7 маусым аралығында жөндеу жұмыстарына байланысты Астанада Ж. Тәшенов көшесінен А. Бараев көшесіне дейінгі учаске толығымен жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 3 маусымда Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы хабарлады. 

"Ж. Тәшенов көшесінен А. Бараев көшесіне дейінгі учаскеде Ж. Тәшенов көшесінің жолайырығында жол төсемінің жоғарғы қабатын қайта төсеу жұмыстары жүргізілетінін хабарлаймыз. Осыған байланысты ағымдағы жылдың 4-7 маусымы аралығында жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады", делінген хабарламада.

Басқармада қала тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрады.

"Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарының жүргізіліп жатуына түсіністікпен қарауды сұраймыз", делінген хабарламада.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: