Астанада Сарыарқа даңғылы ішінара жабылады

Жол жөндеу жұмыстары, Астана, Сарыарқа даңғылы, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2024 15:36 Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
23-24 маусым аралығында Астанада Сарыарқа даңғылы Абай даңғылынан Сейфулин көшесіне дейінгі аралығы толығымен жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Абай даңғылынан Сәкен Сейфуллин көшесіне дейінгі учаскеде Сарыарқа даңғылындағы жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын нақтылайды.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлап алу сұралады.

Бұған дейін Астанада бүгіндері жабық жол учаскелерінің тізімі жарияланған

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: