Ақтөбе облысында полицейлердің ескертуін елемеген жүргізуші жол-көлік оқиғасын жасады

Сурет: ҚР ІІМ
Ағымдағы жылдың 5 маусымында сағат 15:00 шамасында "Ақтөбе-Орск" автожолында Қарғалы ауданы Ащылысай аулының маңында ауыр зардапты жол-көлік оқиғасы орын алды.

Toyota Alphard автокөлігінің жүргізушісі көлік құралының аударылуына жол берді. Апат салдарынан төрт адам қаза тауып, біреуі ауруханаға жатқызылды.

Аталған автокөліктің жүргізушісі Ақтөбе қаласынан Ресей Федерациясының Орск қаласына жолаушыларды тасымалдауды ресми түрде жүзеге асырғаны және жол-көлік оқиғасынан бірнеше сағат бұрын полиция қызметкерлері осы жүргізушімен жол-көлік оқиғасының алдын алу бойынша профилактикалық әңгімелесу жүргізгені анықталды.

Алайда соған қарамастан жүргізуші полицейлердің ескертуіне елемеушілік танытқан. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі