Алматыда сумен жабдықтау желілерінде жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі

Сурет: pixabay
Алматыда 12 маусым сағат 00:00-ден 14 маусым сағат 08:00-ге дейін сумен жабдықтау желілерінде технологиялық жабдықты ауыстыру бойынша жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізілетін болады.

Осыған байланысты Жетісу ауданында Рысқұлов – Лобачевский – Сейфуллин – Ақпаев көшелерінің контурында суық су беру уақытша шектеледі.

Жұмыс барысында Түрксіб ауданының Рысқұлов даңғылы – Сейфуллин даңғылы – Жұмабаев көшесі – Жансүгіров көшесінің контурындағы су қысымының төмендеуі күтілуде.

Бекіткіш арматураны және өзге де технологиялық жабдықты ауыстыру жөніндегі жұмыстарды уақтылы орындау аталған учаскелердің тұтынушыларын сапалы және тұрақты сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Әлеуметтік нысандар үшін автоцистерналармен су тасымалдау жүзеге асырылады.

"Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз. "Алматы Су" МКК диспетчерлік қызметі: 274-66-66" "Алматы Су" МКК
Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды

Астана көгінде әскери ұшақтар жаттығу жүргізетін болады

Ақтауда ер адам баласын ауруханаға жатқызудан бас тартқан дәрігердің жағасынан алды