Астанада шетел азаматы ғимараттың ауласында есірткі сатпақ болған жерінде ұсталды

Сурет: polisia.kz
Астанада 36 жастағы шетел азаматы ғимараттың ауласында есірткі сатпақ болған жерінде ұсталған. Жеке тінту кезінде ер адамның шұлығынан сұр-жасыл түсті зат салынған 1 пакет, сонымен қатар оның әмиянынан 5 дана осыған ұқсас зат тәркіленген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Есірткі заттарды заңсыз алу, сақтау, тасымалдау немесе өткізу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Шетелдік азаматқа қатысты бұлтартпау шарасы таңдалды.

Сонымен қатар осы жылдың мамыр айында Астанада шетелдіктің сыбайласы ұсталып, ол да уақытша ұстау изоляторында қамалған болатын. Гашиш есірткі заты есірткі сатушыларға еліміздің оңтүстік аумағынан жеткізілгені белгілі болған. Қазір елордада есірткі жеткізу және сатумен айналысқан басқа да сыбайластары анықталып жатыр.

Бұған қоса ұсталған адамдар дәстүрлі емес діни көзқарастағы жақтаушылар қатарынан екендігі анықталды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды