Алматыда Медеуден Шымбұлаққа дейінгі жол уақытша жабылады

Сурет: Zakon.kz
Жексенбі, 9 маусымда Медеуден Шымбұлаққа дейінгі жол жабылады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімшілігінің хабарлауынша, "Медеу" мемлекеттік өңірлік табиғи паркі" КММ аумағында жыл сайынғы Alatau Run-2024  тау жарысы өтеді.

"Тау жарысы екі қашықтық бойынша, яғни веложарыс пен жаппай жүгіруді, сондай-ақ жаяу тауға көтерілуді қамтиды: Медеу – Горельник, Медеу - Шымбұлақ, үш негізгі дисциплина бойынша: жүгіру, велосипед пен скандинавиялық серуендеу". Алматы қаласы әкімдігі

Сағат 07.30-дан 10.30-ға дейін Керей-Жәнібек хандар көшесі бойымен "Медеу" СК-нің іргелес бөлігіндегі тұрақтан "Шымбұлақ" МК-ге дейінгі қозғалыс ішінара жабылады.

Іс-шараны өткізу мен аталған аймақта жүріп-тұрудың шектелуі Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарының жаяу көтерілуі мен серуендеуіне әсер етпейді.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды