Елімізде шегірткеден келер қауіп үдей түсті

Сурет: pixabay
Шегірткеден келер қауіп үдей түсті. Еліміздің үш аймағында жәндік таптап кетті. Түркістан облысында шегіртке тараған 50 мың гектардан астам жер учаскесі анықталды.

Арыс қаласында, Сарыағаш, Келес, Ордабасы және Шардара аудандарында қосымша өңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

Бұл туралы шегірткенің таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі орталық жедел штабтың отырысында айтылды. Вице-премьер Серік Жұманғарин биыл ахуал күрделі екенін жеткізді. Жәндікпен күресу үшін барлық жағдай жасалады, - деді.

Жиында Түркістан облысы әкімдігінің өкілі көкөніс-бақша дақылдары егілген егістік алқаптарына зиян келмегенін айтты.

Ал, Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында шегіртке дернәсілдері көбейе бастаған. Облыс бойынша өңдеуге арналған 76 техника бар. Бірақ, ол жеткіліксіз болғандықтан әкімдік тағы 14 техника сұратып отыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Тоқаев қазақстандық жоғары оқу орындарының әлсіз тұстарын атады

Евгений Кафельников Рыбакина мен Соболенконың басты айырмашылығы атады

Димаш Құдайберген әлемдік тур алдындағы жаңа образын көрсетті