Қазақстандағы пошта бөлімшелерінің бірінен бір келіге жуық есірткі салынған сәлемдеме табылды

Сурет: pixabay
Қазақстанның Қаржы мониторингі агенттігі аса ірі көлемдегі есірткі контрабандасына қатысты тергеуді бастады. Тергеудің егжей-тегжейлері агенттіктің баспасөз қызметінде айтылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысы Іле ауданындағы "Казпошта" АҚ бөліміне шетелден косметикалық бұйымдар түрінде жасырылған салмағы 777,4 грамм есірткі өнімі каннабис экстракты (гашиш майы) салынған жөнелтілім келіп түскені анықталды.

Жөнелтілімді қабылдаушы есірткі өнімдерінің заңсыз айналымы үшін бұрын сотталған азамат болып шықты.

Оның тұрғылықты жері бойынша тінту барысында есірткіні шегуге арналған құрылғылар, қолданылған шприцтар, зип-пакеттер және т.б. заттар табылды.

Аталған азамат сот шешімімен қамауға алынды, тергеу амалдары жалғасуда.

ҚПК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

31 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Тоқаев "Халықтық құрылыс" бағдарламасына бөлінген қаражатты бақылауды тапсырды

1 қарашада қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Асыл Айтақын күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Алғашқы финал: Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының алтын медалі үшін бақ сынайды