Damumed-тегі қателік: Тұрғынды "есірткіге тәуелді" деп көрсеткен

Сурет: pixabay
Алматылық келіншек перзентханадан шыққанын растайтын құжатты алу үшін Damumed қосымшасын жүктеп, ондағы мәліметті оқып таң қалған. Өйткені, қосымшада өзінің есірткіге тәуелділер тізімінде тұрғанын байқаған.

Мадина Жарболованың айтуынша, Damumed-те оның 2019 жылы әлеуметтік қызметкерге жүгінгені көрсетілген.

Тіпті, қабылдау қағазында науқастың нашақор екені жазылған, онымен психокоррекциялық әңгіме де жүргізілді делінген.

Бірақ келіншек мұның өтірік екенін айтып отыр, деп жазады qazaqstan.tv.

Сондай-ақ, ол үйіне емхана қызметкері келгенін де жасырмай айтып, бір түннің ішінде қосымшадағы деректерді түзетуге тырысқан деп шағымданды.

Ал жауапты №17 қалалық емхана осы жайтқа қатысты тиісті тексеру жүргізілетінін хабарлады.

Сондай-ақ, қалалық денсаулық сақтау басқармасы "Damumed" қосымшасы енді іске қосылып жатқан кезде кеткен техникалық қателік болуы мүмкін деп отыр.

Енді емхана мен тұрғын "Damumed"-ке жалған мәліметті жою туралы арыз түсірмекші. Егер қосымшадан өшірілмесе, іс сотқа кетеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды