Алкоголь өнімін заңсыз сатқан павлодарлық кәсіпкер 40 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді

Сурет: pexels
Павлодар облысы Ақсу қаласында кәсіпкер алкоголь өнімдерін заңсыз сатқаны үшін 40 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

Ақсу полицейлері профилактикалық рейд барысында Ақсу қаласының дүкендерінің бірінде түнгі уақытта алкоголь өнімдерін сату фактісін анықтады.

Сатушы сыраны 20 жастағы жігітке сатқан.

"Кәсіпкерге қатысты жиырма бір жасқа дейінгі адамға алкоголь өнімін сатқаны үшін әкімшілік хаттама жасалды. Материал сотқа жіберілді. Қожайынға 40 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, алкоголь өнімін сатуға лицензияның қолданысы тоқтатыла тұруы мүмкін", – деп хабарлады Ақсу қаласы полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Айдын Жүнісов.

Жыл басынан бері Ақсу өңірінде тәртіп сақшылары алкоголь өнімін өткізу жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін 8 кәсіпкерді әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада сарапшылар жасанды интеллект, медиа және электоралдық мінез-құлықтың жаңа үрдістерін талқылады

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Астанада "Болашақ ойындары – 2026" аясында фиджитал-баскетбол жарысы басталды

Қазақстандықтарға басқа өңірге көшу үшін 7 млн теңгеге дейін беріледі

Қазақстанда жол жөндеуге қатысты жаңа тәсіл енгізіледі: асфальт барлық жерде төселмейді