Қазақстанда қантты шетелге шығаруға тыйым салынды

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2024 жылғы 11 маусымдағы "қант шығарудың кейбір мәселелері туралы" бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақстан Республикасының аумағы арқылы қанттың халықаралық транзитін, сондай-ақ қантты Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан өткізуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағынан қатты күйдегі қамыс немесе қызылша және химиялық таза сахарозаның қантын әкетуге, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге тыйым салу 2024 жылғы 31 тамызға дейінгі мерзімде енгізілсін", - делінген құжатта.

Неліктен тыйым салынды?

Ведомство түсіндіргендей, ішкі нарықтың қажеттілігі отандық шикізаттан қант өндіру есебінен жалпы тұтыну көлемінің тек 13%–ы, қалғаны – қамыс шикізатын өңдеу және ЕАЭО елдерінен дайын қант жеткізу есебінен қамтамасыз етілді (РФ үлесі – 57%, РБ-1,5%).

136 мың тонна көлеміндегі қант пен қамыс шикізатының қолда бар қорлары 2,5-3 ай кезеңіне тұтыну үшін жеткілікті болуы мүмкін.

Сонымен қатар, 120 мың тонна мөлшеріндегі квота шеңберінде Ресей Федерациясынан қант жеткізу Беларусь Республикасынан импортты есепке алмағанда, ішкі нарықтың қажеттілігін қосымша 2,5 айға қамтамасыз етеді.

Бұйрық 2024 жылғы 14 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды