Құймақтан уланған: Павлодарда санитарлық нормаларды сақтамаған кәсіпкер айыппұл төлейтін болды

Сурет: pixabay
Эпидемиологтар тексерісті аяқтап, шаралар қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

28 мамырда қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына төрт өтініш келіп түскен. Төрт адам Ак. Шөкин көшесінде орналасқан Eco bazaar сауда нүктесіндегі "Кренделия" дүкенінен ветчина, тауық еті мен ірімшік қосылған құймақтарды сатып алғаннан кейін уланды. Басқарма қызметкерлері жоспардан тыс тексеріс ашып, кәсіпкерлік нысанға барды.

"Тамақ өнімдерін сақтау және өткізу кезінде санитарлық нормалардың бұзылуы анықталды", - деп хабарлады басқарма.

Жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабының 1-бөлігіне сәйкес, жеке кәсіпкерге қатысты шаралар қабылданды. Ол  424 580 теңге мөлшерінде айыппұл төлеп, бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау керек. Қазіргі уақытта аталған өнім сатылымнан алынып тасталды.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай