Елімізде су тасқынын болжау мен модельдеудің цифрлық жүйесі әзірленеді

Сурет: primeminister.kz
ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев су тасқынын болжау мен модельдеудің ақпараттық жүйесін әзірлеу бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кеңеске су ресурстары және ирригация, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, төтенше жағдайлар, экология және табиғи ресурстар, қаржы вице-министрлері қатысты.

Ақпараттық жүйеге төрт модуль кіреді: деректерді жинау, талдау, болжау және модельдеу. Ол "Қазақстан Ғарыш Сапары", "Қазгидромет" және "Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығының" жедел және көпжылдық деректерін пайдаланады.

Сондай-ақ жүйе су тасқыны, сел, көшкін қаупі бар учаскелер мен гидротехникалық құрылыстар бойынша ТЖМ деректер базасымен біріктіріледі.

Сурет: primeminister.kz

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі еуропалық Жерді қашықтан зондтау бағдарламасын қолдануды ұсынды. Сонымен қатар вице-премьер отандық цифрлық шешімдерді қарастыруды тапсырды.

"Бұған қоса, ауқымды деректер көзін қалыптастыру үшін вице-премьер гидро және метеопосттардың санын көбейтуді, су айдындары мен өзендердің батиметриясын жүргізуді, сондай-ақ су тасқыны құбылыстары жиі орын алатын елді мекендердің "цифрлық рельефін" құруды тапсырды", - делінген Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда футбол қақпаларына қойылатын қауіпсіздік талаптары күшейтілді