ШҚО прокуратурасының қадағалау актісі бойынша мемлекет кірісіне 238 миллион теңге қайтарылды

Сурет: Zakon.kz
"Сергек" жобасын іске асыру кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңнаманың сақталуын тексеру барысында аталған жоба аясында мемлекет "Көркем-Телеком" ЖШС-мен 7 миллиард теңгеден астам сомаға келісімшарт жасасқаны анықталды.

"Сергек" бағдарламасының әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алуға және жол-көлік оқиғаларының азаюына тигізетін оң әсерін ескеріп, тексеру барысында мемлекеттік қаражатты заңсыз төлеу фактілері анықталды, соның салдарынан жобаның құны негізсіз 238 млн теңгеге өскен.

Прокуратураның енгізілген қадағалау актісі негізінде ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары Басқармасы негізсіз төленген шығындарды өндіру туралы талап-арыз берді.

Сот шешімімен талап-арыз толық көлемде қанағаттандырылып, апелляциялық саты бірінші сатыдағы сот актісін күшінде қалдырды.

Сот шешіміне сәйкес, "Көркем-Телеком" ЖШС 238 млн теңге мемлекет кірісіне қайтарылды.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тұрғынның ауласынан 18 келіден астам күміс табылды: ол викингтер дәуіріне тиесілі болып шықты