Ақтөбеде прокурорлар жалған діни пансионаттарды таратты

Сурет: pixabay
Ақтөбе қаласы прокуратурасымен балалар пансионаттары түріндегі қайырымдылық мекемелерін тексеру барысында қолданыстағы заңнама талаптарының бұзылғанын анықтады.

Мәселен, Ақтөбе қаласындағы "Актөбе" және "Ақжар" пансионаттарының тәрбиеленушілерінің жеке істерін зерделеу барысында, тәрбиеленушілердің діни әдебиеттерді пайдаланғаны, сонымен қатар, жеке істерінде діни жазбалары бар дәптерлердің бар екені анықталды.

Іс жүзінде мекемелердің қызметі олардың жарғылық мақсаттарына қайшы келеді.

Қайырымдылық мекемелері қызметінің діни бейімділігі, балалар мен тәрбиешілердің сауалнамаларымен де расталды.

Сонымен қатар, обьектілерде санитарлық-эпидемиологиялық, өрт, еңбек заңнамасының талаптары бұзылған.

Аталған мекемелер өз қызметін санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыларсыз жүзеге асырған.

Балалардың тиісті білім алуға, тәрбиеленуге және дер кезінде медициналық көмек алуға құқықтары мен бостандықтары айтарлықтай бұзылған.

Қазіргі уақытта сот Ақтөбе қаласы прокуратурасының талап-арызы бойынша 2 пансионатты "Актөбе" және "Ақжар" тіркеуден айырып, таратты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады