Білім беру гранттары конкурсы: Қазақстанда құжаттарды қабылдау қашан басталады

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан Ғылым және жоғары білім министрлігінің "Ұлттық тестілеу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бүгін, 2024 жылғы 25 маусымда талапкерлерге үндеу жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Орталықтың мәлімдемесінше, грант конкурсына құжаттар қабылдау 13-20 шілде аралығында, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының талапкерлері үшін 13-24 шілде аралығында жүзеге асырылады.

"Құжаттарды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы офлайн және eGov арқылы онлайн тапсыруға болады". ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы

ҰБТ-дан кейін грант конкурсына қатысу үшін мына құжаттарды тапсыру керек.

B167 Ұшу аппараттарын және қозғалтқыштарды ұшырып пайдалану БББТ үшін дәрігерлік ұшу-сараптамалық комиссиясының медициналық куәландыруы керек.

"Қосымша ақпарат бойынша ЖОО-лардың қабылдау комиссияларына жүгінсеңіз болады",- делінген ведомство хабарламасында.

Бұған дейін Қазақстандық талапкерлер үшін маңызды күндердің күнтізбесі жарияланды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін