184 қазақстандыққа "Болашақ" стипендиясы тағайындалды

Сурет: akorda.kz
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Республикалық комиссияның шешімімен 184 отандасымызға "Болашақ" стипендиясы тағайындалды. Олар магистратура және докторантура бағыттары бойынша әлемнің үздік университеттерінде білім алады.

Сонымен қатар комиссия отырысында отандық ғалымдардың жетекші шетелдік ғылыми орталықтарда ғылыми тағылымдамадан өту мәселесі қаралды. Мемлекеттік кеңесші Президенттің аталған бастамасы Қазақстан ғылымының дамуын ынталандыруға бағытталғанын атап өтті. Ерлан Қарин ғылыми тағылымдамаға арналған гранттарды бөлу кезінде отандық ғылымның басым бағыттары бойынша тепе-теңдікті міндетті түрде сақтау қажет екеніне назар аударды. Бұл әлеуметтік-гуманитарлық, сондай-ақ инженерлік-техникалық мамандықтарға да қатысты.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин отырыс қорытындысы бойынша "Болашақ" халықаралық стипендиясына және ғылыми тағылымдамалар бағдарламасына конкурстық негізде іріктеу процесін одан әрі жүзеге асыруға әрі жетілдіруге қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, қатты жел тұрады". Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді