Өмірдің соңғы минуттары: Алматыда тағы бір бойжеткен өзіне қол жұмсады

Сурет: pixabay
Алматыда полицейлер өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оған 26 маусым күні таңертең болған қайғылы оқиға себеп болды: қыз биіктен құлап қайтыс болды.

Куәгерлер оның өмірінің соңғы сәттерін түсіріп алған. Кадрларда бойжеткен терезеден шығып, би билеп, карниздың бойымен жүреді. Тіпті оның ән айтып жүргенін де естуге болады. Өкінішке орай, бұл әрекеттер қайғылы аяқталды.

"Қыз құлады, шамамен сағат таңғы 7-де, "Теремки" тұрғын үй кешені", — делінген видеоның астында.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растады.

"Қыздың өз-өзіне қол жұмсау себебі мен мән-жайы анықталуда", - деп түсіндірді ведомство.

24 маусым күні Алматыда болған оқиға қазақстандықтарды дүр сілкіндірді. Алматының Орталық мәдениет және демалыс саябағында жас келіншек дөңгелектен секіріп, өз-өзіне қол жұмсады. Белгілі болғандай, бұған дейін ол баласын өлтірген.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

Биыл Абай атындағы мемлекеттік сыйлық ешкімге бұйырмайтын болды