Астанада ҰБТ тапсыру күндері кейінге шегерілді

Сурет: Ұлттық тестілеу орталығы
Астанада кейбір абитуриенттер үшін алдын ала белгіленген Ұлттық бірыңғай тестілеудің уақыты кейінге ауыстырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық тестілеу орталығы 2024 жылғы 2, 3, 4 шілде күндері Астана қаласында Т.Жүргенов көшесі ,18/2 және Қайым Мұхамедханов көшесі ,37А мекенжайларында ҰБТ тапсырушыларға ескерту жасап, хабарлама таратты.

"Астана қаласында 2, 3 және 4 шілдеге жоспарланған ҰБТ өткізу күнін ауыстыру туралы хабарлаймыз. Техникалық жұмыстарға байланысты ҰБТ келесі күндерге ауыстырылады: 2 шілдеге жоспарланған тестілеу енді 8 шілдеде; 3 шілдедегісі 9 шілдеде; 4 шілдедегісі 10 шілдеде өтеді. Туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", делінген хабарламада.

Тестілеудің жаңа күні туралы ақпаратты app.testcenter.kz сайтындағы тестіленушінің жеке кабинеті арқылы кіріп, білуге болатыны да нақтыланады.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды