Алматы қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен, ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып Азамат Қалдыбеков тағайындалды.

Азамат Қалдыбеков 1984 жылы 11 қазанда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Халықаралық құқық" мамандығы бойынша бітірген, Болашақ бағдарламасы бойынша Дьюк университетінде (Солтүстік Каролина, АҚШ) құқық магистрі дәрежесін алған, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде философия докторы (Phd) ғылыми дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2007 жылы Алматы қаласы Бостандық ауданы №2 аудандық сотының жетекші маманы қызметінен бастаған.

Әр жылдары ҚР Ұлттық банкі, "Самұрық-Қазына" АҚ, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ құрылымдарында жұмыс істеді.

2018 жылы Алматы қаласы әкімінің бас инспекторы болды. 2018 жылдың шілдесінен 2019 жылдың наурызына дейін Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды. 2019 жылдың наурыз-қазан аралығында Алматы қаласы жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары болып еңбек етті. 2020 жылдың қаңтарына дейін Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2019 жылы Бірінші президенттік жастар кадрлық резервіне енді.

2020 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі болған.

Қазақстан Алматы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: