Қазақстандықтар әлеуметтік төлемдерден бас тарта бастады: Еңбек министрлігі жаңа деректерді жариялады
Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
2026 жылғы қазанда "Әлеуметтік төлемдерден ерікті түрде бас тарту" цифрлық сервисі іске қосылғалы бері оны Қазақстанның 729 азаматы пайдаланған. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Zakon.kz хабарлайды.
Осылайша, 729 адам алып жүрген әлеуметтік төлемдерінен өз еркімен бас тарту туралы шешім қабылдаған.
Министрлік 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік жәрдемақылардың 36 түрінің 12-сі бойынша мемлекеттік қолдау атаулы тәсіл негізінде көрсетілетінін еске салды. Яғни көмек ең алдымен оған шын мәнінде мұқтаж адамдарға бағытталады.
"Әлеуметтік төлемдерден ерікті түрде бас тарту" цифрлық сервисі eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді. Сервис әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларды алушыларға мемлекеттік органдарға бармай-ақ, мемлекеттік қолдаудың жекелеген түрлерінен бас тарту туралы электрондық өтінішті өз бетінше беруге мүмкіндік береді.
Әлеуметтік төлемдерден бас тарту – азаматтың міндеті емес, тек өз еркімен қабылдайтын шешімі.
"Сервис ең алдымен материалдық әл-ауқаты жоғары және ауқатты санаттарға жататын, отбасының қажеттіліктерін өз бетінше қамтамасыз ете алатын азаматтарға арналған. Өмірлік жағдайлары өзгерген кезде азаматтар тиісті мемлекеттік қолдауды тағайындау үшін қайта жүгіну құқығын сақтайды. Өтініш қолданыстағы заңнамаға сәйкес қаралады", – деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстанда халықтың әл-ауқат санатын анықтауға арналған калькулятор 2026 жылғы 16 қазанда іске қосылды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript