Астанада бір күнде 110 скутер айып тұрағына қойылды

Сурет: Zakon.kz
ШЫҰ саммиті қарсаңында Астана полицейлері күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Жасақ саны ұлғайтылып, бейнебақылау камералары арқылы бақылауға басымдық берілмек.

Қалаға кіреберіс жолдарда тексеріс де күшейді. Бірақ азаматтардың шаһарға кіріп-шығуына еш кедергі жоқ. Ал электрлі самокаттардың жүруіне 5 шілдеге дейін тыйым салынды.

Ал Павлодар полициясы бір күнде 110 скутерді айып тұрағына қойды.

Себебі, жүргізушілерінің жасы 16-ға толмаған. Оның үстіне техниканың vin код паспорты, сертификаты болмаған. Микромобильді арнайы бас киімсіз жүргізген, деп жазады qazaqstan.tv.

Бұл мотоциклдер енді иелеріне заң талаптарына сай құжат дайындап әкелгеннен кейін қайтарылады. Полиция дерегіне қарағанда, жыл басынан бері өңірде мотокөліктердің кесірінен 14 жол-көлік оқиғасы болған.

Соның 7-уін кәмелеттік жасқа толмаған балалар жүргізген. Салдарынан 4 адам қаза тауып, тағы 14 -і жарақат алды.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады