Елорда тұрғындарына орталық көшелер бойына көліктерін қоюға үш күнге тыйым салынды

Сурет: pexels
2-4 шілде аралығында Астанадағы бірқатар орталық көшелер бойында автокөліктерді қоюға тыйым салынады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласы әкімдігінің хабарлауынша, елордада 2-4 шілде аралығында ШЫҰ саммитін өткізу кезеңінде террористік қауіптіліктің "сары" деңгейі енгізілуде. Мұндай деңгейдің енгізілуі, соның ішінде жекелеген аумақтарда көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалысына шектеулер енгізуді білдіреді.

"Қаланың әкімшілік полиция басқармасы осыған байланысты "сары" деңгейдегі іс-қимыл кезеңінде тұрғындарға Мәңгілік ел даңғылы, Достық, Түркістан, Қонаев және Қабанбай батыр даңғылдарының бойында орналасқан тұрғын үй кешендерінің жанындағы автотұрақтарды пайдалануға тыйым салынатынын ескертеді" делінген хабарламада. 

Бұл ретте көліктерді аулалардың ішінде немесе жоғарыда белгіленген көшелерге параллельді/іргелес қоюға тыйым салынбайды.

"Сондай-ақ бұл күндері қоғамдық көліктер осы көшелер бойымен жүрмейді. Тұрғындарға "CTS" әлеуметтік желілерінде балама маршруттар ұсынылады", - дейді әкімдіктергілер.

Бұған дейін Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штаб Астана, Алматы, Қарағанды және Көкшетау қалаларының тұрғындарын алда өткізілетін шарадан құлақтандырып, аталған қалаларда террористік қауіптіліктің бірқалыпты ("сары") деңгейі белгіленетінін хабарлаған болатын. 

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

30 қазандағы доллар, еуро және рубль бағамы: үш қаладағы айырбас курсы

"Күндіз жылы, түнде суық болады". Алматы қаласы бойынша алдағы аптаға арналған ауа райы болжамы

Конституциялық сот тұрғын үй төлемдерін қайта алуға тыйым салуды заңды деп таныды

"Қар жауып, көктайғақ болады". Еліміз бойынша 31 қазанға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда шетелге жұмысқа жіберу тәртібіне қатысты жаңа талаптар әзірленіп жатыр