Семсерлесуден Париж Олимпиадасында Қазақстан намысын кімдер қорғайтыны белгілі болды

Сурет: olympic.kz
Парижде басталатын жазғы Олимпиада ойындарында шпагамен семсерлесуден Қазақстан командасы өнер көрсетеді. Бүгін Олимпиадада сынға түсетін спортшылардың аты-жөні жарияланды, деп жазады Zakon.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Шпагамен семсерлесуден жекелей сында Эльмир Алимжанов, Руслан Курбанов және Вадим Шарлаимов сынға түседі. Жарыс ережесі бойынша, жекелей сында әрбір мемлекеттен ең көп дегенде үш спортшы ғана бақ сынай алады. 

Ал Ерлік Сертай жекелей сынға қатыспайды. Ол командалық жарыста ұлттық құрамаға көмекке келіп, Париж Олимпиадасының жүлдесіне таласпақ. Командалық жарыста Эльмир Алимжанов, Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов және Ерлік Сертай сынға түседі. 

Олимпиада алдындағы соңғы жаттығу жиынын шпагашылар Испанияда өткізбек.

Айта кетелік, шпагамен семсерлесуден Қазақстан ерлер командасы әлем кубогі кезеңдерінің қорытындысы бойынша Олимпиада жолдамасын иеленді.

Жоғарыда аталған төрттік жақында Кувейтте өткен Азия чемпионатында топ жарып, әлемдік рейтингте  төртінші орынға көтерілген болатын. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді