Құрық порты арқылы бір млн тонна жүк тасымалданды

Сурет: pixabay
Құрық порты арқылы жыл басынан бері 1 миллион тоннадан астам жүк өткізілді. 700 мың тонна жүк, портқа теміржол арқылы жеткізілсе, қалғандары жүк көлігімен тасымалданды.

Жалпы, биыл 2 миллион 300 мың тонна жүк өткізу көзделген.

Соған сәйкес, қазір қосымша айлақтар мен астық терминалы салынып жатыр.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бұл жобалар Құрық портында ірі теңіз көліктік-логистикалық кластерін құруға мүмкіндік бермек, деп жазады qazaqstan.tv.

Құрық порты бұдан 10 жыл бұрын "Жаңа Жібек жолы" жобасы аясында құрылды. Содан бері жүк өткізу қуаты/ жылдан жылға ұлғайып келеді.

"Құрық портының аумағында қатты жел болмайды. Бұл оның басты ерекшелігі. Сондықтан автокөлік және теміржол паромы жыл бойы тоқтаусыз жұмыс істейді. Бізбен әріптестік байланыс орнатуға ниеттілер көп. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, порттарда ірі теңіз көліктік-логистикалық кластер құру бойынша, кешенді жоспары әзірленді. Соның аясында айлақтардың контейнер өткізу қарқыны артып, терминалдардың жұмысы өзгереді." Серік Ахметов, "Құрық" теңіз портының бас директоры
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Қазақстанның оңтүстігінде оқушыны аяусыз соққыға жыққан