Жаңатастағы жаңбырдан темір жол қатынасы тоқтады

Сурет: Zakon.kz
Жаңатаста жауған жаңбыр темір жол қатынасын да тоқтатып қойды. Тау беткейінен аққан тасқынды су "Шарбақты – Жаңатас" бағытындағы шойын жолды шайып кеткен.

Салдарынан жүк пойыздарына арналған жолдың 171 шақырымында қозғалыс үзіліп, тепловоздарға бес сағатттай бөгелуге тура келді.

Көлбеу ағын кесірінен жолдың 25 метрдей бөлігі бүлінген.

Ылдидан аққан ағын арықтан асып, рельстердің астыңғы тас-шағалын ағызып әкеткен, деп жазады qazaqstan.tv.

Оқиға орнында су сору жұмыстары жүргізіліп, Қаратау қаласынан келген жөндеу тобы жолды қалпына келтірді.

Бұл жалғыз жол "Қазфосфат" серіктестігіне қызмет көрсетеді. Қазір шойын жол бойындағы қозғалысқа шектеулі жылдамдық енгізілген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі