Алматы облысының полицейлері барымташылардың 7 тобын құрықтады

Сурет: ҚР ІІМ
Жыл басынан бері Алматы облысының полицейлері мал ұрыларының жеті тобын ұстады.

Алматы облысында жыл басынан бері мал ұрлығына қатысы бар 7 топ ұсталды, олардың 19 мал ұрлығына, оның ішінде 12 ауыр санаттағы қылмысқа қатысы бар екені анықталды.

"Сәуір айында Балқаш ауданы Береке ауылының тұрғыны төрт сиырдың жоғалғаны туралы полицияға арызданды. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында шаруа қожалықтарының бірінің аумағында ұрланған сиырды сойып жатқан жерінде екі жергілікті тұрғын ұсталды. Күдіктілер қамауда. Олардың төрт мал ұрлығына қатысы бар екендігі дәлелденді. Қазіргі уақытта іс қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім қабылдау үшін сотқа жолданды", – деп атап өтті Балқаш аудандық полиция бастығының орынбасары Нұрлан Мұратұлы.

Өңір полицейлері қабылдаған шаралардың нәтижесінде жыл басынан бері жалпы құны 55 млн теңгеге жуық 95 малды өз иелеріне қайтарып берді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды