Солтүстік Қазақстанда тасқын салдарынан құрылыс кешеуілдеді

Сурет: Zakon.kz
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы Большая малышка ауылында фельдшерлік-акушерлік пунктің құрылысы кешеуілдеді. Оған су тасқыны себеп.

Тендерді ұтып алған құрылыс компаниясы жұмысты кестеге сай бастай алмаған. Бұл мәселе депутаттарымен кездесу барысында талқыланды.

Халық қалаулылары табиғи апаттан зардап шеккен тұрғындармен кездесті. Көпшілік үйлерді жөндеуге бөлінген қаражат жетпей жатқанына шағымданды.

Елдімекенде 337 отбасы түтін түтетіп отыр. 321 үй су астында қалған, деп жазады qazaqstan.tv.

Жөндеуге жарамсыз деп танылған үйлердің иелеріне Қызылжар ауданының аумағынан және Петропавл қаласының "Бірлік" кентінде салынып жатқан жаңа үйлер ұсынылып отыр.

"Ауыдың ішіндегі 70 пайызы үйлері қамыстан жасалған. 66 үй апаттық жағдайда деп бағаланған. Қыс келіп қалғанда далада қалмай, суықта қалмай, жағдай болмауы үшін соны бақылауға алу керек." Еркебұлан Мәмбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

31 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Тоқаев "Халықтық құрылыс" бағдарламасына бөлінген қаражатты бақылауды тапсырды

1 қарашада қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Асыл Айтақын күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Алғашқы финал: Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының алтын медалі үшін бақ сынайды