Ұлытау облысында есірткі сатумен айналысқан такси жүргізушісі ұсталды

Сурет: polisia.kz
Жезқазған қаласында Ұлытау облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері көпқабатты үйдің ауласында есірткі заттарын аса ірі мөлшерде өткізген деген күдікпен 43 жастағы жеңіл автокөлік жүргізушісін ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Автокөлік құралын тексеру кезінде полицейлер жасыл түсті өсімдік тектес ұнтақ заты бар он екі қағаз орамасын тауып алды. Сарапшының қорытындысына сәйкес, зат жалпы салмағы 52 грамнан асатын “гашиш” есірткісі болып шықты.

Ұсталған адамның айтуынша, ол такси жүргізушісі болып жұмыс істейді және өзінің негізгі еңбек қызметі кезінде есірткі таратумен айналысқан. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды