Атыраудағы 4 жасар баланың өлімі: балабақша директоры мен тәрбиеші үйқамақта отыр

Сурет: Zakon.kz
Атырауда 4 жасар бала балабақшаның кәріз құдығына құлап, мерт болған еді. Осы іске байланысты балабақшаның директоры мен тәрбиешісі үйқамаққа алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға 10 шілдеде Атырау қаласының маңындағы Құрсай ауылында болған.

Күндізгі сағат 11:05–те осындағы "Чебурашка" балабақшасында 4 жасар бала кәріз құдығына құлап қайтыс болған. 

Атырау облыстық прокуратурасының мәліметінше, қазір қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Қылмыстық іс балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау, абайсызда баланың өліміне әкеп соқтыру фактісі бойынша қозғалған. 


"Атырау қалалық прокуратурасының нұсқауымен балабақша директоры мен тәрбиешісі ұсталды. Олар Атырау қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға оқшауландырылды. Cот шешімімен 12 шілде күні үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды", - деп хабарлады облыстық прокуратурадан.
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Леопард пальтосы сәнге қайта оралды

Тоқаев: Қазақ тілін дамыту – еліміздегі өзге тілдердің дамуына кедергі келтіру емес

Тұрғын үй кешендерінің бірінші қабатындағы кафе мен мейрамханалар сот шешімімен жабылуы мүмкін

Кез келген тілге қарсы шығу – Жаратқанның адамға берген нығметіне қарсы шығумен бірдей – Президент

Шымкенттік спортшы Софья Берульцева "Парасат" орденімен марапатталды