Жерді рұқсатсыз басып алу жағдайында қандай жаза қарастырылған

Сурет: freepik
Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің қызметкерлері Жетісу облысының Көксу ауданында жер қойнауын пайдаланушының жерді рұқсатсыз басып алу фактісінің жолын кесіп, бұл үшін заңнама бойынша қандай жаза қарастырғанын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Комитеттің аумақтық департамент өкілдерінің тексеру нәтижесі бойынша ЖШС-мен мемлекет меншігіндегі көлемі 1,92 га жер учаскесін өз бетінше иеленіп алу фактісі анықталды.

"Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 136 бабына сәйкес шаралар қабылданып, соммасы 553 мың теңге көлемінде айыппұл салынды және мемлекет кірісіне өндірілді",- делінген ведомствоның 17 шілдедегі ақпаратында.

ҚР ӘҚБтК-нің 136-бабында жазылғандай, мемлекеттік жер учаскелерін заңсыз иемдену немесе айырбастау не жерге мемлекеттік меншік құқығын тікелей немесе жанама түрде бұзатын басқа да мәмілелер жасау, сондай-ақ уақытша иеленетін мемлекеттік жерлерді уақтылы қайтармау келесі мөлшердегі айыппұлдарды салуға әкеп соғады:

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды