Қазақстан оқыту белсенділігі бойынша әлемнің ТОП-20 қатарына ілінді

Сурет: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстан оқыту белсенділігі бойынша әлемнің ТОП-20 қатарына ілінді. Бұл индекс Coursera платформасындағы 109 елдің білім алушыларының деректерін талдау негізінде айқындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жаңалықпен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі бөлісті.

"Coursera платформада белсенді жұмыс күшінің пайыздық үлесі бойынша цифрлық чемпиондарды – әлемнің үздік 20 елін атады. Қазақстан платформада оқыту белсенділігі бойынша әлемде 18-орынға ие болды", делінген хабарламада.

Сондай-ақ ведомство мәліметінше, Қазақстан жаһандық дағдылар индексі бойынша 109 ел арасында 32-ші орынға ие болды, бұл еліміздегі кадрлардың кәсіби дағдыларын дамытудағы бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді. 

"Бұл индексті Coursera платформадағы 109 елдің білім алушыларының деректерін талдау негізінде қалыптастырады. Жаһандық дағдылар рейтингі Coursera-да дағдыларды меңгеруді бағалауға, елдің жаһандық инновациялар индексіндегі көрсеткіштеріне, жан басына шаққандағы ЖІӨ-ге, еңбекке қабілетті халықтың қатысу деңгейіне, адами капитал индексіне негізделген".

Айта кетсек, бүгін, 20 шілдеде тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау басталды. Сондай-ақ құзырлы ведомство білім беру гранттарының конкурсына қатысу үшін құжат қабылдау жалғасып жатқанын, бұл ретте абитуриенттер қандай құжаттар өткізу керектігін айтты.  

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Мыжылып, адам қысылып қалды". Алматы маңында екі көлік бетпе-бет соқтығысты

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы

Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайтыны ескертіледі

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 8 қараша

Ақтауда толассыз жаңбыр жауып, көшелерді су басты