Үш жасар қыздың мәйіті табылды: Алматы облысының полицейлері іске қатысты мәлімет берді

Сурет: Zakon.kz
Алматы облысында 2024 жылдың наурыз айында Күш ауылында жоғалып кеткен қыздың сүйегі табылды. Оқиғаның мән-жайын облыстық полиция департаментінің (ПД) басшысы Бауыржан Әленов айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, баланың сүйегі табылғаны туралы хабарлама Еңбекшіқазақ ауданының полициясына 2024 жылдың 22 шілдесінде келіп түскен.

"Мәйіт генетикалық және сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Үш жасар Айя-София 17 наурызда Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Күш ауылында жоғалып кетті. Бауыржан Әленов

Полиция басшысы күдіктілердің қазір қамауда екенін айтты.

17 наурызда анасы полицияға қызының жоғалғаны туралы хабарлаған. Ол Аясофияның түскі астан кейін үйден шығып, оралмағанын айтты. Тәртіп сақшылары кәмелетке толмағанның із-түзсіз жоғалғанын тіркеді.

Наурыздың 27-сі күні Күш ауылында жоғалған қыздың үйінің іргесінде орналасқан көлдің бірнеше метр суын ағызбақ болғаны белгілі болды. Алайда баланы іздестіру шаралары тез нәтиже бермеген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматы полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

Шымбұлаққа автомобильдердің кіруіне салынған тыйым Конституцияға сай емес деп танылды

"Құрметті азамат" атағы кімдерге және қалай беріледі

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

Филиппиндегі жер сілкінісінен кейін теңіз түбі екі метрге көтерілді