Қызылорда полицейлері ірі мөлшерде "синтетика" сақтаған тұрғынды анықтады

Сурет: ҚР ІІМ
Қызылорда қаласының 18 жастағы тұрғыны ірі мөлшерде синтетикалық есірткі затын өткізу мақсатында сақтағаны үшін құрықталды.

"Қарасора – 2024" іс-шарасы барысында Қызылорда қалалық ПБ ЖПҚБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қала орталығында күдікті азаматты тоқтатып, тексеру барысында қолындағы сөмкесінен және қалтасынан 64 қара изолентамен оралған ақ түсті ерекше иісі бар ұнтақ заттар анықталды.

Сондай-ақ оның қала аумағында есірткі жасырған 30 нүктесі табылды.

Сараптама қорытындысымен тәркіленген ұнтақтың жалпы салмағы 148,79 грамм "а-пирролидиновалерофенен" немесе "a-PVP" психотроптық заттарға жататыны бекітілді.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Өлі адамнан ақша жасау". Экономист медицина саласындағы кезекті былықтың бетін ашты

Шакира концерт беру үшін Орталық Азияға алғаш рет ат басын тіреді

Балаларға бөлінетін төлемді таппай қалған кейбіреулер желіде дүрбелең туғызды. ҰАТ мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысында бір топ қаңғыбас аш ит малдарға қырғидай тиюде

"Үсік жүріп, тұман түседі". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды