Ақтөбеде велосипед ұрлап, сатумен айналысқан ер адам қамауға алынды

Сурет: ҚР ІІМ
Ақтөбе полицейлері 13 велосипед ұрлаған күдіктіні құрықтады.

Ақтөбе полицейлері велосипед ұрысын ұстады. Қос дөңгелекті көлікті ұрлау фактісі бойынша полицияға облыс орталығының тұрғыны жүгінді.

Арызданушының айтуынша, ол велосипедті жұмыс орнына кеңсе алдына қойған. Жұмыстан шыққан кезде велосипедтің жоқ екенін көрген.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде күдікті ретінде 29 жастағы азаматты анықтап, полиция бөліміне жеткізді.

Сондай-ақ ұсталған адамның бұдан басқа тағы 12 велосипед ұрлығына қатысы бар екені анықталды. Күдікті бейтаныс адамдарға ұрланған велосипедтердің өзінікі екенін айтып, оны ломбардтан өзінің телефонын сатып алу үшін сатып жатқанын айтқан.

Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция департаменті азаматтарға ұрланған заттарды сатып алғаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске салады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды