Жетісу облысында 400-ден астам жасөспірім ІІО-ға жеткізілді

Сурет: pixabay
Жетісу облысында әртүрлі құқық бұзушылықтар жасаған 400-ден астам жасөспірім ІІО-ға жеткізілді.

15 мен 20 шілде аралығында өңір аумағында "Түнгі қаладағы балалар" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Бұл іс-шараның мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің түнгі уақытта қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу болды.

"Іс-шара шеңберінде кәмелетке толмағандардың белгілі бір уақыттан кейін ересектердің еріп жүруінсіз көшеде болуына тыйым салатын коменданттық сағаттың сақталуын бақылауға ерекше назар аударылады. Рейдтер жүргізіліп, оның барысында парк, сквер және ойын-сауық мекемелері сияқты жастар арасында танымал орындар тексеріледі", – деп атап өтті ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары Аида Белгібаева.

Іс-шара барысында әр түрлі құқық бұзушылықтар үшін ІІО-на 407 жасөспірім жеткізілді, оның 361-і түнгі уақытта.

Кәмелетке толмағандарға арналған бейімдеу орталығына – 8 бала жеткізілді, есепке 7 кәмелетке толмаған және 11 қолайсыз отбасы алынды, барлығы 470 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Жедел-профилактикалық іс-шара кезінде жасөспірімдермен профилактикалық әңгімелер жүргізілді, қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережелері түсіндірілді және балаларға түнде кездесетін қауіптерге назар аударылды.

Кәмелетке толмағандар арасында алкоголь мен есірткіні қолдануға қарсы тұру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Өңір полициясы өскелең ұрпақтың өмірі мен дамуы үшін барынша қауіпсіз жағдай жасауға ұмтыла отырып, болашақта осындай іс-шараларды өткізуді жалғастыруды жоспарлап отыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Зейнетақы жинағын алу шегі өзгерді: БЖЗҚ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады

Бір мандатты округтер бойынша кімдер Мәжіліске өтті

Қазақстан Қытайдағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

Алматы полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

"Айына 500 млн теңге табыс". Kizdar.net сайтының артында кімдер тұрғаны белгілі болды