Бишімбаевтың қай облысқа жіберілгені көрсетілмеген.
"Бұл сотталған сот үкімі бойынша қатаң режимдегі мекемеге ауыстырылды. Сонымен бірге, Қылмыстық атқару кодексінің 88-бабына сәйкес сотталғандар жазасын өтеу орындарына сәйкес жіберілетінін хабарлаймыз". Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі
Сондай-ақ, кодекстің бабына сәйкес, өзге де мәліметтер жария етуге жатпайтыны атап өтілген.
2024 жылы 13 мамырда Қуандық Бишімбаев 24 жылға, Бақытжан Байжанов төрт жылға бас бостандығынан айырылды.
27 мамырда елордалық сотқа Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты бірінші инстанция сотының үкіміне апелляциялық шағым түскені белгілі болды. Кейін Бишімбаевтың адвокаты өтініштің мәнін айтты.
26 маусымда апелляциялық сот Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың үкімін өзгеріссіз қалдырды.