Астанада бұршақ жауады, Алматыда жауын-шашынсыз, Шымкентте аптап ыстық: үш күндік ауа райы болжамы

Сурет: unsplash
2024 жылдың 25-27 шілдесі аралығында Астанада бұршақ жаууы мүмкін, ал Алматы мен Шымкентте жауын-шашынсыз, бірақ ыстық болады. Бұл туралы Zakon.kz тілшісіне "Қазгидромет" РМК хабарлады.

Астанада:

25 шілде – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан түнде 2-7, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +30+32°С;

26 шілде – көшпелі бұлт шығады, кей уақытта – жаңбыр, күн күркіреп, күндіз бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыстан 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +19+21°С, күндіз +26+28°С;

27 шілде – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +15+17°С, күндіз +26+28°С.

Алматыда:

25 шілде – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +21+23°C, күндіз қатты ыстық +33+35°C;

26 шілде – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +22+24°C, күндіз қатты ыстық +35+37°C;

27 шілде – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 3-8 жел соғады. Ауа температурасы түнде +22+24°С, күндіз қатты ыстық +36+38°С.

Шымкентте:

25 шілде – аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +21+23°C, күндіз қатты ыстық +38+40°C;

26 шілде – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +23+25°C, күндіз қатты ыстық +39+41°C;

27 шілде – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыстан 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +23+25°С, күндіз қатты ыстық +39+41°С.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев: Конституцияны бұзатын әрекеттерге "Заң мен Тәртіп" қағидатына сәйкес тосқауыл қойылады

"Ауа райы күрт бұзылады". Сенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның үш туристік нысаны әлемдегі үздік 100 орынның қатарына енді

Президент 24 қарашаға дейін жемқорлықты күрт азайту жөніндегі шараларды ұсынуды тапсырды

Мемлекет басшысы: Қазақстанда үш жылда 3 мыңнан астам сыбайлас жемқорлық фактісі анықталған