Алдағы үш күнде Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болады

Сурет: unsplash
Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қалыптан тыс ыстық ауа райы орнықты. Осыған байланысты Zakon.kz тілшісі синоптиктерден бұл қалалардың тұрғындары 2024 жылдың 27 шілдесі мен 29 шілдесі аралығында жаңбыр күту керек пе деп сұрады.

"Қазгидромет" РМК-ның мәліметінше, алдағы үш күнде елордада және еліміздің екі мегаполисінде жауын-шашын болмайды.

Астанада:

27 шілде – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +14+16°С, күндіз +24+26°С;

28-29 шілде – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыстан 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +21+23°С.

Алматыда:

27 шілде – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +23+25°C, күндіз қатты ыстық +36+38°C;

28-29 шілде – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +23+25°С, күндіз қатты ыстық +35+37°С.

Шымкентте:

27 шілде – аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыстан 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +21+23°С, күндіз +36+38°С;

28-29 шілде – аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +20+22°С, күндіз +36+38°С.

Бұған дейін Қазақстанға қатты жаңбырдың жақындағаны хабарланған болатын. Бірақ "Қазгидромет" РМК толассыз жауын тек елдің солтүстігінде ғана болатынын түсіндірді.

Алматы
Шымкент
Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды